Әуесқой хоккей ойыны кезінде мұз айдынында ойыншы көз жұмды

Фото: Life09

Қайғылы оқиға Қарағандыда тіркелді. 46 жастағы әуесқой хоккейші ойын кезінде кенеттен өзін жайсыз сезініп, тізерлеп отырып қалған. Артынша есінен танып, мұз үстіне құлаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасы оның жедел жәрдем жеткенше өмірден өткенін хабарлады. Қайтыс болу себептері сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Марқұм әуесқой «СКА-Приозерск» командасының ойыншысы болған.