Талдықорған–Текелі тас жолында ірі жол-көлік апаты тіркелді

Фото: Life09

31 қаңтар күні Жетісу ауданында төрт көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап. Қақтығыс Талдықорған–Текелі автожолында орын алған.

Апат салдарынан Nissan көлігінің жүргізушісі алған ауыр жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі деңгейдегі жарақатпен медициналық көмекке жүгінді.

Оқиғаға қатысы бар Mercedes жүргізушісі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.