Ақтауда дәмханада қызға күш қолдану дерегі тіркелді

Фото: Gemini ИИ

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы дәмханалардың бірінде болған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап. Кадрлардан ер адамның келуші қызбен сөзге келіп, оған күш қолданғаны байқалады.

Куәгерлердің айтуынша, жанжалдың басталуына диванға төгілген шай себеп болған. Оқиға дәмхана меңгерушісі мен клиент арасында туындап, кейін физикалық қақтығысқа ұласқан.

Полицияның хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған. Оқиға салдарынан екі тарап та дене жарақатын алған.10:37