Серік Санаубаев: Конституциялық өзгерістер инновациялық экономикаға жол ашады

Фото: Life09

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер ассоциациясының атқарушы директоры Серік Санаубаев Конституцияға енгізіліп жатқан реформаларды қолдай отырып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияда ғылым мен білім салаларына ерекше мән берілуі – елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталған дұрыс қадам. Ол бұл өзгерістер болашақ мамандарды тәрбиелеу мен инновациялық экономиканы дамытуға нақты серпін беретінін айтты.

Ассоциация басшысы сондай-ақ, кәсіпкерлердің де жаңа Конституциядан оң үміт күтіп отырғанын, әсіресе білімді, білікті кадрларды даярлау мәселесі бизнес ортасының дамуына тікелей әсер ететінін айтты.