Қазақстандық боксшылар Boxam Elite турнирінде топ жарды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан құрамасының боксшылары Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 беделді халықаралық турнирінде 17 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты алтын, бес күміс және алты қола жүлдеге ие болды.

Алтын жүлде иегерлері:

Санжар Тәшкенбай (50 келі) Махмұт Сабырхан (55 келі) Төрехан Сабырхан (70 келі) Нұрбек Оралбай (85 келі) Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) Умида Садықова (80 келіден жоғары)

Күміс жүлдегерлер:

Аман Қонысбеков (75 келі) Сағындық Тоғамбай (90 келі) Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) Назерке Серік (65 келі) Панар Сейтханқызы (80 келіден жоғары)

Қола жүлдегерлер:

Нұрзат Оңғаров (50 келі) Нұрбек Мұрсал (75 келі) Тимур Нұрсейітов (75 келі) Азамат Бектас (80 келі) Елянур Тұрғанова (48 келі) Гүзәл Садықова (80 келі)

Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 3–8 ақпан аралығында өтіп, ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарды қамтыды. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан 10 салмақ дәрежесінде 18 боксшы, ал әйелдер турнирінде 9 салмақ бойынша 14 спортшы өнер көрсетті.