Маңғыстауда теңіз маңында аққулардың өлекселері табылып жатыр

Фото: ЖИ ChatGPT

Маңғыстау өңірінде теңіз маңынан аққулардың өлекселері табылып жатыр. Оқиғаға байланысты Экология департаменті Сайын Шапағатов ауылы маңынан және Ақтау жағалауынан алынған теңіз суының сынамаларын зерттеп, ластаушы заттар анықтамағанын хабарлады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

10 ақпанда өлі құстар кездескен үш нүктеден қосымша сынамалар алынған.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәлімдеуінше, өңірде қыстайтын құстар саны шамамен 25 мыңды құрайды. Осы статистикаға сәйкес, жиырма шақты аққудың қырылуы табиғи құбылыс ретінде бағалануда.