Үкімет Каспий теңізін зерттеу және сақтау мақсатында 1,1 млрд теңге бөлді

Фото: bauyr07

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Бөлінген қаржы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған. Қаражат есебінен теңізде мониторинг жүргізуге арналған негізгі жабдықтар сатып алынып, гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханалар заманауи құралдармен жарақтандырылады.

Бұл шаралар Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүріп жатқан үдерістер бойынша ғылыми негізделген деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.