Студент қыздарға ұлдардың бөлмесін жинатуға қатысты жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Білім беру департаменті арнайы жұмыс комиссиясын құрды. Комиссия жатақханаға барып, барлық мән-жайды анықтау үшін тексеру жүргізді.
Ведомствоның мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарды еңбекке мәжбүрлеуге және оларға қандай да бір қысым көрсетуге тыйым салынады. Бұл – балалардың құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу қағидаттарына қайшы әрекет.
Тергеу нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза ретінде сөгіс берілді. Қазіргі уақытта оқушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру және тәрбие жұмыстары жүргізілуде.
Студент қыздарға ұлдардың бөлмесін жинатқандарға қатысты комиссия құрылды
Фото: Life09