Көкшетауда ер адам бүйрегін сатпақ болған жерінен ұсталды

Фото: ЖИ ChatGPT

Көкшетау қаласында қазақстандық ер адам бүйрегін 25 мың долларға сатуға әрекеттенгені анықталды. Ол хабарландыруды интернетке жүктеп, өзіне «сатып алушы» тапқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция күдіктіні ақшаның бір бөлігін алып жатқан сәтінде қолға түсірді. Тінту кезінде одан ақша, ұялы телефон, медициналық анықтамалар мен талдау нәтижелері тәркіленді.

Қазіргі кезде бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтап жатыр. Сараптамалар тағайындалып, оның әрекетінің заңдық бағасы берілетін болады.