Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында балкон жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адам абайсызда төменге құлап кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ztb_qazaq телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ауыр жарақат алған ол сол жерде жан тапсырды.
Қазір оқиғаның нақты себептері мен жағдайларын анықтау үшін құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.
Шымкентте бесінші қабаттан құлаған жұмысшы көз жұмды
Фото: Gemini ИИ