Ақтөбе облысында 40 ауыл ішімдіктен бас тартты

Фото: ЖИ Gemini

Былтыр Ақтөбе облысы аумағында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартқан 35 елді мекен болды. Биыл тізімге тағы 5 ауыл қосылды. Осылайша ішімдіксіз елді мекендердің жалпы саны 40-қа жетті. Облыстық әкімдік мәліметінше, соңғы бес жылда бұл ауылдарда қылмыс деңгейі төмендеген.