Петропавлдағы жанжал қайғылы аяқталды: 52 жастағы ер адам көз жұмды

Фото: Gemini ИИ

Петропавл қаласында таныстар арасындағы жанжал өліммен аяқталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @ztb_qazaq-қа сілтеме жасап. Полицияның хабарлауынша, 7 ақпан күні таңертең 52 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйел бірге спирттік ішімдік ішкен.

Отырыстың соңы ұрыс-керіске ұласқан. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жанжал кезінде бірінші болып күш қолданған. Бұған жауап ретінде әйел оның бас тұсына бірнеше рет теледидар пультімен соққы жасаған.

Келесі күні ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 10 күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, науқас мидағы ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.

Күдікті әйел қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.