Негізгі құндылықтар - қорғаныс, сенім және әділдік - Дания Еспаева

Фото: Life09

«Ақжол» партиясының өкілі Дания Еспаева «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебатта сөз сөйледі. Оның айтуынша, жаңа конституциялық нормаға сәйкес мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті. Яғни кәсіпорын, өнім немесе инвестиция заңмен толық қорғалады. Сондай-ақ, егер салық органы шотты негізсіз бұғаттаса, кәсіпкер сот арқылы шешімді жойдырып қана қоймай, шығынды мемлекеттен өтете алады. Бұл өзгерістердің негізінде үш басты құндылық жатыр: Қорғаныс, сенім және әділдік.