Щучинскідегі жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті

Фото: ЖИ Gemini

Щучинскідегі кафеде болған жарылыс пен өрттен ауыр күйік алған тағы бір ер адам ауруханада көз жұмды. Осылайша қаза тапқандар саны сегізге жетті.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас Бурабай ауданындағы көпсалалы ауданаралық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.