"ҚТЖ"-ның еншілес компаниясының басшысы ұсталды

Фото: Лого

"Қазтеміртранс" компаниясы басшы Ақылбек Базеновтың тұтқындалғанын растады. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алғашында ол филиал нысанын күзетуге тендер жариялап, әлдекімдерге жеңіп алуға көмектесіп, ақша алды деген ақпарат шықты. Алайда компания бұл ақпаратты растаған жоқ.

"Компания уәкілетті органдармен жүргізіліп жатқан тергеу аясында барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынып жатыр", - делінген мәлімдемеде.