2025 жылы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, заңдылық пен әдеп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
2025 жылы Департамент тарапынан 134 бақылау шарасы жүргізіліп, 2217 заңбұзушылық анықталды, 32 ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде 5 мемлекеттік қызметшінің және 10 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Әдеп мәдениетін нығайту мақсатында 73 семинар мен кездесу өткізілді. Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырысында 49
мәселе (76% профилактикалық сипатта) қаралып, тиісті ұсыныстар берілді.
Еңбек демалысына байланысты төлемдердің уақытында берілмеуі фактілері бойынша Департаменттің араласуы нәтижесінде 146 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Жұмыс уақытын бақылау барысында 180 қызметшінің үстеме жұмысқа тартылғаны анықталып, демалыс сағаттары берілді.
Сонымен қатар, тәртіптік жазаларды қолдану тәртібінің бұзылуы бойынша 3 қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Азаматтардың өтініштері
Жыл ішінде 612 өтініш түсті, оның 74%-ы қаралып, қалғаны тиісті уәкілетті органдарға жолданды.
Мемлекеттік қызметке қабылдау
2025 жылдың 12 айы ішінде 2700 бос лауазымдарға орналасуға конкурс жарияланды. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсынан 1712 адам өтті.
«Мемлекеттік қызметші мектебі» жобасын Қарағанды облысының 4 жоғарғы оқу орнының 20 студенті сәтті аяқтады.
А.ж. 12 айында 87 кездесу (жоғарғы оқу орындарында студенттермен кездесу, бос орындар жәрмеңкесі және т.б.) өткізілді.
Өңірлік кадр резервінен 12 адам мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналастырылды.
Жоғары көрсеткішпен бітірген 19 түлек (академиялық нәтиже GPA 3,33) аудандық деңгейдегі лауазымдарға конкурссыз орналасты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Облыста 364 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2025 жылдың 12 айында 17 729 214 қызмет көрсетілген, оның 98,4%-ы электрондық форматта жүзеге асырылды.
Тексеріс іс-шаралары барысында 43 субъектіні қамтитын 5021 заңбұзушылық анықталып, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында 23 ұйғарым енгізіліп, барлығы орындалды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
2025 жылы 3 сыбайлас жемқорлық тәуекеліне сыртқы талдау, 4 мониторинг жүргізіліп, 11 ұсыныс әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 215 іс-шара (семинар, конкурс) ұйымдастырылды.
Имидждік және қоғамдық жұмыстар
Спорттық және мәдени іс-шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы квиздер мен конкурстар, белсенді азаматтарды марапаттау және
«Smart Compliance: Заң және тәртіп» орталығы сияқты инновациялық жобалар қолдау тапты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қарағанды облысы
бойынша департаменті