Алматыда курьер тұрғын үй кешенінің лифтінде дәрет сындырған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ер адамның әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Алматы полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, курьер ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жауапқа тартылып, сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.
Алматыда курьер тұрғын үй кешенінің лифтінде дәрет сындырған
Фото: Life09