18 наурыз – Ұлттық киім күні

Фото: ЖИ Gemini

Наурыз мейрамының онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып белгіленген. Бұл күн – бабалар мұрасын жаңғыртып, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке. Осыған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар мен сән көрсетілімдері кең көлемде атап өтілмек.