Эдинбург университетінің ғалымдары пластик қалдықтарын Паркинсон ауруына қарсы дәрі жасауға қолданудың жаңа әдісін ұсынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Зерттеу барысында мамандар арнайы өзгертілген ішек таяқшасы бактерияларын пайдаланып, ыдыратылған пластикті биохимиялық жолмен өңдеген. Нәтижесінде дофамин тапшылығын толықтыруға көмектесетін ерекше қоспа алынған.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық медицинамен қатар экология үшін де маңызды. Себебі жыл сайын әлемде шамамен 50 миллион тонна пластик қалдықтары жиналады.
Қазір технология зертханалық кезеңде. Болашақта бұл әдіс пластикті қайта өңдеудің тиімді жолына айналуы мүмкін.
Пластик қалдығы дәріге айналмақ
Фото: ИИ Canva