Ұлытау облысында құмар ойынға бәс тіккен 10 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, 36 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 10 басшы "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккен. Нәтижесінде 10 қызметкер жұмысынан босатылған.

Себебі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң  бойынша мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады.