Композитор Қуат Әбілов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, әншінің орындауындағы бірнеше туынды үшін қаламақы алмағанын айтты. Оның сөзінше, бұл мәселені шешуге тырысқан кезде, керісінше, соттан шақырту алған.
Композитор Баянсұлу Сағындықованың репертуарындағы танымал бес әннің авторы өзі екенін, алайда еңбегі үшін төлем жасалмағанын жеткізді.
Дереккөз: Massaget.kz
Әнші Баянсұлу Сағындықоваға қатысты дау туындады
Фото: bayansuuluu жеке парақшасынан