Түркістан сотында прокуратураның апелляциялық өтінішхаты қаралды.
Сот алқасы бұл қылмыс қоғам үшін өте ауыр оқиғалардың бірі болғанын атап өтті.
Сондай-ақ, оның туған әкесінің денсаулығына қасақана орта жарақат салып, созылмалы уақыт арасында қинап келгені, жәбірленушінің қайтыс болғаннан кейін құқық қорғау органдарына хабарламай, жерлеу әрекетін жасағаны үшін жаза мөлшерін ұлғайтуға толық негіз барын тапты.
Осылайша оған түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Естеріңізге сала кетсек, желіде 40 жастағы тамада жігіттің өз әкесін аяусыз ұрған видеосы тараған еді. Артынша әкесінің қайтыс болғаны да белгілі болды.
Дереккөз: @sputnik_aitady