Алтын шамамен 19 пайызға арзандаған

Фото: ЖИ Gemini

Әлем нарығында қаңтардың соңында рекордтық деңгейге дейін қымбаттаған алтын ақпаннан бері шамамен 19 пайызға арзандаған.

Оның құнының түсуіне Таяу Шығыста соғыс басталғаннан кейін инвесторлардың долларды көбірек сатып алуы, жаһан экономикасына төнген инфляция қаупі және орталық банктердің қатаң ақша-несие саясатына көшу мүмкіндігі себеп болған.

Өткен тәулікте бұл металлдың унциясы 4 мың 550 долларға дейін төмендеді.