Астанада «Tesla» жүргізген 14 жастағы жасөспірім анықталды

Фото: Life09

Елордада полиция қызметкерлері рөлінде 14 жастағы жасөспірім отырған «Tesla» көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Ол қала көшелерінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, жас жүргізуші қашуға әрекеттенген. Көлік ішінде оның кәмелетке толмаған тағы бір досы болған.

Көлік коммуналдық тұраққа жеткізілді. Ал, жасөспірімнің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.