Атырауда бір топ азамат полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады

Фото: ЖИ

Атырау облысында қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалғаны тіркелді. Оқиға 3 сәуір күні шамамен сағат 22:00-де Мақат ауданында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алу барысында бір топ азаматты тексерген. Алайда тексеру кезінде олар агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған.

Салдарынан екі полицей зардап шекті. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар барлық азаматтар анықталған.

Аталған дерек бойынша “Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану” бабы негізінде қылмыстық іс тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.