Астанада ер адам балалар алаңында жалаңаш жүгіріп, тұрғындарды шошытты

Фото: Life09

Астанада ер адам балалар алаңында жалаңаш жүгіріп, тұрғындарды шошытты. Астанадағы балалар алаңдарының бірінде 39 жастағы ер адам қолына пышақ ұстап, айқайлап жүгірген. Ол балаларды «пышақтаймын» деп қорқытып, айналасындағыларға қауіп төндірді. Оқиға салдарынан ата-аналар мен балалар үрейленіп, жан-жаққа қашып, дереу полиция шақырған. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Дереккөз: @ztb_qazaq