2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізу мақсатында Сот сараптамалары институтына сыртқы талдау жұмыстары басталды. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу, сараптама жүргізу және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында бірқатар тәуекелдер айқындалды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг барысында мынадай олқылықтар анықталды:
-
Заңнама талаптарын сақтамау;
-
Өнім берушілерге артық біліктілік талаптарын қою;
-
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері.
Мәдениет саласы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде берілген 3 ұсыным бүгінгі таңда толық орындалды.
2. Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту
Бюрократиялық кедергілерді жою бағытында 30 нақты кейс қаралып, қосымша 5 жоба әзірленді. Мемлекеттік органдардың қызметіндегі артық және бірін-бірі қайталайтын функцияларды жою бойынша 5 ұсыныс енгізілді.
3. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті қалыптастыру мақсатында 53-тен астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шаралармен облыстың 6 мыңға жуық тұрғыны қамтылды.
4. Ведомствоаралық комиссия жұмысы
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында денсаулық сақтау және құрылыс салаларындағы тәуекелдер егжей-тегжейлі қаралды. Жиын қорытындысы бойынша аталған салалардағы жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 7 ұсыным әзірленді.