Астанада электросамокат мінгендерге бақылау күшейді

Фото: Gemini ИИ

Елорда көшелерінде жүргізілген рейдтер нәтижесінде 200-ге жуық самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын тағы да ескертті. Атап айтқанда, қорғаныс құралдарын пайдалану, жол ережесін бұзбау және самокаттарды рұқсат етілген жерге дұрыс қою қажет.

Тексеру барысында ереже бұзған 170-тен астам электросамокат арнайы тұрақтарға эвакуацияланды.

Қалада тәртіп күшейтіліп, мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.