Астанада медицина қызметкеріне күш қолданған ер адам сотталды. Сот мәліметінше, оқиға сауда үйінің автотұрағында болған. Мас күйдегі сотталушы жедел жәрдем бригадасының жұмысына көңілі толмай, фельдшерге күш қолданған. Нәтижесінде медицина қызметкеріне физикалық ауырсыну келтіріліп, оның қызметін қауіпсіз атқару құқығы бұзылған. Сот И.-ға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеледі.
Дереккөз: @baq_kz