Беті картонмен жабылған: Ақтауда кішкентай бала кәріз құдығына құлап кетті

Фото: Gemini ИИ

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, люк жаңбырдан кейін картонмен ғана жабылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @baq_kz-ке сілтеме жасап.

Бала сол маңда ойнап жүріп, байқамай ішіне түсіп кеткен. Оқиға туралы басқа бала хабарлағаннан кейін анасы дереу көмекке жүгірген.

Оқиғадан соң ата-анасы полиция шақырып, арыз жазды. Тәртіп сақшылары қауіпті орынды уақытша таспен жауып тастаған.

Бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның басынан жеңіл жарақаттар, соққы мен көгерулер анықтаған. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық.