Ипотека бойынша шекті мөлшерлеме шілдеден бастап төмендейді

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде несие мен микрокредит бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелері жаңартылды. Жаңа қаулы 16 мамырдан бастап күшіне енеді. Ол бойынша:

🔶 Кепілсіз банктік қарыздар – жылына 46%-ға дейін;

🔶 Кепілмен берілетін қарыздар – 35%-ға дейін;

🔶 Ипотека бойынша мөлшерлеме 1 шілдеден бастап 25%-дан 20%-ға дейін төмендейді;

🔶 Микрокредиттер бойынша шекті мөлшерлеме – жылына 46%;

🔶 45 күнге дейінгі шағын микрокредиттер үшін мөлшерлеме күніне 0,3%-дан, жылына 179%-дан аспауы керек. Бұл талап 45 АЕК-тен аспайтын қарыздарға қатысты.