Жетісу облысында әуе билеттеріне қатысты дау шықты

Фото: Gemini ИИ

Тұрғындар Астана бағытына 16 әуе билетін алдын ала сатып алған, деп хабарлайды Life ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Барлық билет құны — 765 мың теңгеден асқан. Бір билет бағасы шамамен 48 мың теңге болған.

Кейін жоспарлары өзгеріп, олар билеттерді кері қайтаруға шешім қабылдайды. Бірақ қайтару рәсімінен кейін тұтынушыларға толық сома орнына небәрі 14 мың 840 теңге ғана өтемақы берілген.

Бұған келіспеген тұрғындар тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне шағым түсірген.

Департамент араласқаннан кейін азаматтарға 765 мың 248 теңге толық көлемде қайтарылды.