Рөлді жасөспірім тізгіндеген: Алматы облысында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті

Фото: ЖИ Gemini

Рөлді жасөспірім тізгіндеген: Алматы облысында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті. Оқиға Түрген ауылында болған. Желідегі ақпаратқа сәйкес, көлікті кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген. Көліктегі бір топ 11 сынып оқушысы баланы қағып кетіп, 30–40 минут ұстап, оқиғаны ешкімге айтпауын сұраған. Полиция кәмелетке толмаған жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, оның ата-анасына қатысты екі әкімшілік бап бойынша шара қолданылды.

Дереккөз: @sputnik_aitady