2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының жалпы саны 89 мыңнан асты. Оның ішінде бакалавриатқа – 75 371, магистратураға – 11 007, ал докторантураға – 3 079 грант қарастырылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға бағытталған. Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы салаларына бөлінсе, 21%-ы болашақ педагогтарды даярлауға арналған.
Сонымен қатар, талапкерлер мемлекеттік гранттан бөлек әкім грантына, ректор грантына және нысаналы гранттарға да үміткер бола алады.