Құтқарушылар 3020 метр биіктікте жарақат алған туристі құтқарды

Фото: Life09

Құтқарушылар 3020 метр биіктікте жарақат алған туристі құтқарды. Турист Алматыдағы Мыңжылқы шатқалында теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте орналасқан Малыш шыңынан түсу кезінде жарақат алған. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Кейін ол дәрігерлерге тапсырылды.

Дереккөз: https://t.me/qazaqstantv