Қазақстанда алдағы күндері күшті магниттік дауыл болады

Фото: ЖИ Gemini

Ионосфера институты мамандарының мәліметінше, Қазақстанда алдағы үш күнде қуатты магниттік дауыл байқалады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, осы кезде аспанда полярлық шұғыла анық көрінуі мүмкін. Соңғы рет мұндай құбылыс қаңтар айында тіркелген еді. Сондай-ақ магниттік дауыл байланыс жүйелері мен кейбір спутниктердің жұмысына әсер етуі ықтимал. Дәрігерлер қан қысымы бар адамдарға абай болуға кеңес береді.