Шымкентте пышақ жарақатынан көз жұмған 21 жастағы бойжеткеннің ісі жақын арада сотқа жолданады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Адвокат Аянхан Омаровтың айтуынша, жәбірленуші тарап 7 томдық қылмыстық іс материалдарымен танысып үлгерген. Қазір тараптар құжаттарды қарап жатыр.
Еске салсақ, оқиға 2026 жылдың 11 қаңтарында болған еді. Марқұмның туыстары күдіктіге ең қатаң жаза берілуін талап етуде.
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Фото: Gemini ИИ