Қазақстанның Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусіні Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ объективіне ілікті.
Парк аумағында бұл жыртқышты бақылау жұмыстары 2020 жылдан бері жүргізіліп келеді. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда ұлттық парк аумағында шамамен 70-80 бас Түркістан сілеусіні мекендейді.
Дереккөз: Qazaqstan.tv