Balkhash Tour Fest – 2026 фестивалінде қоғамдық қауіпсіздік қатаң бақылауда

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан | Gov.kz

Балқаш қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды біріктірген Balkhash Tour Fest – 2026 туристік фестивалі өз жұмысын бастады.

Фестиваль аясында қоғамдық тәртіп пен тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері фестиваль өтетін аумақтарда, автожолдарда және Балқаш көлінің акваториясында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырған.

Әсіресе жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мен судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Бұдан бөлек, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері моторлы қайықтармен көл аумағын патрульдеп, демалушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

— Біздің басты мақсатымыз — фестивальге келген барлық қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, — деді Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Туристік фестиваль басталғаннан аяқталғанға дейін полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігіне тұрақты бақылау жүргізетін болады.

Polisia.kz мәліметі бойынша