Қарағанды облысының ауылдарында көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне оң әсерін тигізуде. Осындай жобалардың бірі Бұқар жырау ауданындағы Новоузенка ауылында жүзеге асырылды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, елді мекендегі Атасу және Новоузенская көшелерінде көше жарығы жүйесі жаңғыртылды. Ескірген әрі тозығы жеткен бағаналар заманауи тіректерге ауыстырылды. Жалпы саны 50 жаңа бағана орнатылып, қазіргі үлгідегі жарық шамдары қойылды.
Нәтижесінде көшелер жарықтанып, тұрғындардың тәуліктің қараңғы уақытында қауіпсіз қатынауына мүмкіндік артты.
Сонымен қатар, жүргізілген жаңғырту жұмыстары электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін күшейтуге және ауыл тұрғындары үшін коммуналдық инфрақұрылым сапасын жақсартуға ықпал етеді.