10 шілдеге қараған түні Жамбыл облысында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 00:59-да тіркелген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 4,5.
Қазіргі уақытта жер сілкінісінің сезілуі немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді
Фото: Gemini ИИ