Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне арналған кеңейтілген жиында жауапты сала басшыларын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, жаз мезгілінде ауыз су тапшылығы мәселесі туындамауы тиіс еді. Ол жауапты мамандардың сылтау айтуын сынға алып, халықтың мәселесіне бейжай қарауға болмайтынын жеткізді.
«Не сендердің жандарың ашымайды немесе бастарың істемейді. Екеуінің біреуі. Менің басқа айтарым жоқ», – деді Нұрдәулет Қилыбай.