Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Фото: ИИ Gemini

21 шілдеден бастап жаз маусымының соңына дейін Air Astana әуе компаниясы Дубай бағыты бойынша рейстерді орындамайды. Мұндай шешім Ормуз бұғазы мен Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайының ушығуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.

21 шілдеге дейін жолаушыларды елге қайтару мақсатында жоспарланған рейстер орындалады.

Компания жолаушыларға билет құнын толық қайтаруды немесе сапарды кейінгі күнге не Air Astana-ның басқа халықаралық бағытына қосымша ақысыз ауыстыру мүмкіндігін ұсынады.