Жаңаөзенде мұнай өнімдерін төккен компанияға 648 мың теңге айыппұл салынды

Фото: Gemini ИИ

Жаңаөзен қаласында жердің мұнай өнімдерімен ластануына байланысты компанияға 648 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабар 22 маусым күні қалалық полиция басқармасынан түскен. Алдын ала мәліметке сәйкес, төгінді «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қызмет көрсететін «Мұнайспецснаб LTD» ЖШС жұмыстары кезінде болған.

Тексеру барысында топырақтың мұнай өнімдерімен ластанғаны расталды. Кейін ластанған аумақта тазарту жұмыстары жүргізіліп, 100 келі мұнаймен ластанған топырақ жиналып, мұнай қалдықтарын қабылдайтын мамандандырылған полигонға шығарылды.