Әлемге әйгілі Энрике Иглесиастың Bailando әні алғаш рет қазақтың қасиетті қара домбырасында шырқалды.
Алматылық жас музыкант Иван Жуков (@ivanzhukov_live) көпшілікке кеңінен танымал туындыны домбырамен орындап, ұлттық өнер мен әлемдік музыканы үйлестірген ерекше бейнеролик ұсынды.
Музыканттың тың интерпретациясы көрермендердің жүрегінен орын тауып, әлеуметтік желі қолданушылары оның шеберлігіне тәнті болып, жылы пікірлерін жаудыруда.
Домбыраның қоңыр үні әлемдік хитке жаңа тыныс беріп, қазақтың ұлттық аспабының мүмкіндігі шексіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Әлемдік хит – қазақы нақышта
Сурет: ivanzhukov_live инста парақшасынан