Қазақстанда рақымшылық аясында бүгінгі күнге дейін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды. Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат жазасын өтеуден босатылды.
Бұдан бөлек, 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.
ІІМ мәліметінше, рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір іс жеке қаралып, құқықтық бағасы берілгеннен кейін түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Дереккөз: BAQ.KZ