Жаңатоған ауылы маңындағы өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді

Сурет: ТЖМ видеодан скрин

08:00-дегі жағдай бойынша Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылы маңындағы өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді.

Барлау нәтижесінде жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.

Елді мекендерге қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда, жағдайға тұрақты мониторинг жүргізілуде. Жағдай Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.