Шет ауданындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

Фото: 112.kz

Қарағанды облысының Шет ауданында Үңірек ауылының маңындағы таулы-сайлы жерде табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өртті сөндіру жұмыстары таулы-сайлы жер бедерінің күрделілігіне, жекелеген учаскелердің жетуі қиын болуына және өрттің таралуына ықпал етіп, техниканың өрт ошақтарына жақындауын қиындататын қатты жел екпініне байланысты күрделенуде. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Жетуі қиын аумақтағы жекелеген өрт ошақтарын сөндіру үшін су төгетін құрылғымен жабдықталған ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Әуеден жалпы көлемі 54 тонна су 18 рет төгілді.

Өртті жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылықтары және басқа да өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің шамамен 310 қызметкері мен 44 бірлік техникасы, сондай-ақ «Қазавиақұтқарудың» 2 тікұшағы тартылды.

Жағдай ТЖМ бақылауында. Табиғи өртті толық жою жұмыстары жалғасуда.

Дереккөз: 112.kz.