Қаржы министрлігі 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады.
2027 жылға арналған негізгі көрсеткіштер:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 693 теңге (2026 жылы – 4 325 теңге).
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз қалады).
Ең төменгі зейнетақы – 74 919 теңге (2026 жылы – 69 049 теңге).
Әлеуметтік төлемдер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 55 173 теңге (2026 жылы – 50 851 теңге).
Бюджет жобасы көпшілік талқылауына жарияланды. Кейін жоба Құрылтай депутаттарының қарауына ұсынылып, қабылданғаннан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі.
Қазақстанда 2027 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгереді
Сурет: Life09