Мелони Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді

Фото: Aqorda

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтауы үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті жоғары бағалады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап.

Мелонидің айтуынша, Италия мен Қазақстан энергетика, аса маңызды минералдар және университетаралық байланыстар бағытында жаңа стратегиялық мүмкіндіктерді дамытуда.

Ол Рим мен Астананың екі елдің өсіп-өркендеуі үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді оның үкіметінің Италия тарихындағы ең ұзақ үздіксіз жұмыс істеген үкімет атануымен құттықтаған еді.